• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2015

Қордың тиімді жұмыс істеуі маңызды

290 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төр­а­ғасы Өмірзақ Шөкеевті қабыл­дады, деп хабарлады Пре­зиденттің баспасөз қыз­меті. Ө.Шөкеев қордың қазір­гі қыз­меті мен негізгі бағдар­ла­ма­ларды жүзеге асыру барысы, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Мемлекет басшысы қазіргі эко­номикалық жағдайда қордың тиімді әрі орнықты жұмыс істеуі маңызды екенін айтты. – Еліміздің экспорттық тауарларына баға төмендеген кезең­де жұмыс орындарының сақ­талуын қамтамасыз еткен жөн. Осы орайда жоспарланған жеке­ше­лендіру, активтерді қайта құры­лымдау бағдарламаларын, шығыстарды қысқартуды және табысты ұлғайтуды қамтитын шараларды сапалы жүзеге асыруды жалғастыру маңызды болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті қордың 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын қайта қарауды, сондай-ақ, дағдарысқа қарсы арнайы бағ­дар­ламалар әзірлеуді тапсырды. Ө.Шөкеев шығыстарды қыс­қартуға бағытталған, стратегиялық маңызы төмен бірқатар инвес­ти­циялық жобаларды тоқтатуды қамтитын шаралар туралы айтты. – Биыл біз өнімдеріміздің өзін­дік құнын 7,8 пайызға, барлық ағым­дағы және әкімшілік шығын­дарды 20 пайызға, сондай-ақ, ин­вес­ти­циялық бағдар­ламаларды 18 пайызға төмендетуді жоспарладық, – деді басқарма төрағасы. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.