• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Маусым, 2024

Бағдат Мусин жаңа қызметке кірісе сала мәлімдеме жасады

566 рет
көрсетілді

«Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалған Бағдат Мусин өзінің инстаграм парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. «Қазақтелеком» АҚ – негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз», деп жазды Б.Мусин.

Еске салайық, кеше Бағдат Мусиннің жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлаған едік.