• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Маусым, 2024

Астанада Қабанбай батыр даңғылы уақытша жабылады

62 рет
көрсетілді

Астанадағы Қабанбай батыр даңғылының учаскесі 11 маусым сағат 06:00-ден 14 маусым сағат 06:00-ге дейін жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Қабанбай батыр даңғылы бойынша Хусейн Бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Қабанбай батыр/Хусейн бен Талал және Қабанбай батыр/Ұлы Дала қиылыстары ашық болады.

«Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.

    Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті