Сот орындаушылары Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, осынша көлікті айыппұл алаңына тоғытты. Құқық қорғаушылар мұндай нәтижеге «Борышкер» арнайы операциясының нәтижесінде қол жеткізді.
Соңғы 20 күн бойы әкімшілік полицияның жол-патрульдік полициясы мен облыстағы сот үкімдерін орындаушы қызметкерлер күшейтілген режімде жұмыс атқаруда. Осының нәтижесінде автокөлік жүргізушілердің көпшілігі әкімшілік айыппұлдан жалтаруға бейім тұратыны анықталды.
Облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметі шара басталғалы 1684 автокөлік айып алаңына қойылып, көлік жүргізушілерінен 118 миллион теңге айыппұл мемлекеттің бюджетіне төленгенін хабарлады.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.