Қаржы министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау мақсатында темекіні 6,5 пайызға қымбаттатпақ. Бұйрық Ашық НҚА порталында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеуге сәйкес, өткен жылы 29 бен 39 жастағы азаматтардың арасында шылым шегетіндер көбейген. Сондай-ақ Қазақстандағы әрбір бесінші адам темекі тартатыны анықталды.
Қазақстанда 1 шілдеден бастап ең арзан темекі 820 теңгеден сатылады, бұл қазіргі бағадан 50 теңгеге қымбат.
Соңғы жарты жылда шылым бағасы 16 - 18,8 пайызға артқан. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында темекі мен папиростың бағасы 53,4 пайызға артқан. Алайда елде темекіге тәуелді азаматтардың саны азаймай тұр.
Былтыр папиростың ішкі нарықтағы көлемі 62 пайызға көбейген. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында ел азаматтары темекіге 5,7 миллиард теңге қаржы жұмсаған.