• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2015

Жаңа технология енгізілді

268 рет
көрсетілді

Алматы қалалық онкология орталығында Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен интероперациялы сәулелі терапия жүргізуге арналған LІAC 10 MEY құрылғысы орнатылды. Осыған орай орталықта италиялық мамандардың қатысуымен ИОЛТ қолдануға арналған шеберлік сыныбына еліміздің қалалық, аудандық, аймақтық онкологиялық диспансерлердің бас дәрігерлері, хирургтер мен радиологтар қатысты. Алматы қалалық онкология орталығында жылына 1500 операция жасалатын болса, соның 500-і интероперациялық сәулелі терапияны қажет етеді екен. Ендеше, сәулелі терапия бүгінде қатерлі ісік ауруларын емдеудің ең тиімді тәсілі болып табылады. Осы аты жаман ауруға шалдыққандардың 80 пайызы сәулелі емді қажет ететінін ескерсек, сәулелі терапия, әсіресе, өкпенің, жұтқыншақтың, асқазан, бас пен мойын және тік ішек, жатыр мойны, сүт безінің қатерлі ісігінде жиі қолданылады. Бүгінде ИОЛТ немесе инте­ро­перациялық сәулелі терапия Азия, Еуропа мен Америкадағы көп­теген клиникаларында пайдаланылады. Ал бұл тәсіл бірінші рет Қазақстанда, оның ішінде Алма­ты қалалық онкология орталығын­да тұңғыш рет қолданылмақ. Қатер­лі ісік ауруларына шалдыққан қала тұрғындарының денсаулы­ғын жақ­сартумен қатар, өмір жасын ұзартуға септігі мол LІAC 10 MEY құрал-жабдығын сатып алуға Алматы қалалық әкімдігі қолдау көрсетіпті. Алматы қаласының бас онкологы, қалалық онкология орта­лы­ғының бас дәрігері Диляра Қай­да­рованың айтуынша, бұл құ­рылғыны қолдану арқылы алдағы уақытта қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітімді азайтып, дертке шалдыққан науқастардың өмір жа­сын ұзартуға қол жеткізбек. Оған шетелдік әріптестеріміздің іс-тәжірибелері дәлел бола алады. Осы ИОЛТ тәсілін қолдану арқы­лы италиялық әріптестеріміз мәсе­лен, бір ғана ұйқы безінің қатер­лі ісігінен болатын өлім-жітімді төмендетіп, операциядан кейінгі өмір сүру мүмкіндіктерін 8 пайыз­дан 24 пайызға арттыруға қол жет­кізген. Болашақта біз де осындай жетістіктерге қол жеткіземіз деп ойлаймыз. Оған мамандарымыздың мүмкіндігі мол, дейді қаланың бас онкологы. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».