12 маусым күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жиында шетелдік радикалдардың Қазақстанға келі қаупін жою, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау мәселелері талқыланды.
ҰҚК мәліметінше, жыл басынан бері елде 1 террорлық шабуылға тосқауыл қойылып, 26 адам террористік және экстремистікпен айналысқаны үшін сотталған.
Сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азамат елге кіргізілмеді, мемлекетімізге тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелген 19 шетелдік жауапқа тартылды.
356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізіліп, ІІМ және ҰҚК күштерімен материалдық-қорғанысы мығым емес объектілер мен адамдар көп жиналатын орындарға 3 мыңнан астам тексеру жүргізілді.