• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2015

Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

252 рет
көрсетілді

Кеше палата Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төраға­лы­ғымен Мәжіліс бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Палата сақтандыру және ислам­дық қаржыландыру мәселелері бой­­ынша заңнамалық жаңа енгі­зі­­лім­дерді екінші оқылымда қарайды. Сондай-ақ, депутаттар тал­қы­сына Қазақстан мен Ма­жар­стан арасындағы олардың мем­лекет­терінің аумағында заңсыз тұратын адамдардың реадмис­сиясы туралы үкіметаралық келі­сімді және мүгедектердің құқық­тары туралы конвенцияны ратификациялауға қатысты құжаттар ұсынылып отыр. Осы күні мәжілісмендер бір­қатар жаңа заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мер­зі­мін анық­тайды. Олардың қата­рында кәсіп­керлік пен азаматтық процестік туралы кодекстер, сондай-ақ, өзін өзі реттеу, бағалы металдар мен асыл тастар, ауыл шаруашылығы кооперациясы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заң жобалары бар. Сонымен қатар, жалпы оты­рыс­та мемлекеттік сатып алу, эко­­­ло­­­гиялық мәселелер бойынша тү­зе­тулер енгізуге қатысты және реад­миссия туралы қазақстандық-бе­лорустық үкіметаралық келі­сім­ді ратификациялау бойынша қо­рытынды әзірлеу мерзімі тағай­ын­далады.
Соңғы жаңалықтар