• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2015

Ақпараттар ағыны

249 рет
көрсетілді

*«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ бүгінге дейін шаруаларға 90 млрд. теңге қарыз берген. Қордың бөлген несиелік қар­­жы­ларының көмегімен 89,5 мың адам, оның ішінде тек биыл­ғы жылдың өзінде 13 мың тұрғын жұмыспен қамтыл­ған. Ал белсенді қарыз алушы­лар­дың саны 24,3 мыңға дейін өскен. *Елімізде құны 43,6 млрд. теңгенің мүлкі жария етілді. Қаржы министрлігінің мәлі­метінше, заңдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдар жа­нындағы комиссияларға жал­пы сомасы 124,9 млрд. тең­геге 16 046 өтініш келіп түскен. *Шағын бизнес субъек­тілері үшін айып­пұл­дар көлемі 50 пайызға төмендеді. Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, жаңаәкімшілік құ­қық бұзушылық туралы кодекс­те шағын және орта биз­нес субъектілері құқық бұз­ған жағ­дайда қолданылатын жа­за­­лаудың түрлі деңгейі қарастырылған. *Астана кәсіпорын­дар­ында бір жылда құны 324 млрд. теңгеден асатын өнім өндірілді. Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, елордада 2014 жылы жеңіл және тамақ салаларында өндіріс көлемінің артуы байқалған. *Алматы өңірінде «20 игі іс» жобасы қолға алынды. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы жылының аясында аймақтағы этномәдени орталықтар осы жобаның мақсатына сай түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастыруды бастап кетті. *Қарағандыда мем­ле­кет­тік сатып алулардың 55,1 пайызы конкурстар арқылы жүзеге асқан. Облыстық мемлекеттік сатып алу және активтер басқармасының басшысы Мұрат Кәдеков мәлім еткендей, қазіргі таңда 15 млрд. 777 млн. теңгені құрайтын 99 конкурстың жоспары жасалған. *Қызылордада жылу ба­ға­сы арзандады. Облыс бой­ынша монополияға қарсы департамент директоры Нұрлан Пірімовтің дере­гін­ше, үстіміздегі жылдың 1 қаң­тары­нан бастап «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК өз тұ­ты­нушыларына жылу тарифін 3,6 пайызға төмендеткен. *Жамбыл өңірінде «Ке­руен-2015» жәрмеңкесі өтеді. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, тұрғындарды азық-түлік тауарларымен қамту мақсатында қолға алынған бұл шара барысында аймақтағы барлық аудан қамтылады. Оны «ТЗК «Тараз» ЖШС тұрақтандыру қорының операторы ұйымдастырады. *Батыс Қазақстанда әлеу­меттік салаларға баса назар аударылып отыр. Облыстық құрылыс басқармасы басшы­сының орынбасары Арман Өк­сікбаевтың дерегінше, өңірде білім және денсаулық сақтау сала­ларының нысандарын салу­ға 5281,3 млн. теңге қаржы бөлінген. *Солтүстік Қазақстанда был­тыр 116 спорт нысаны ашылды. Облыстық денешы­нықтыру және спорт басқар­масы Петропавл қаласының «Жас өркен» шағын ауданында мұз аренасы мен жеңіл атлетика манежі бар спорт сарайының құрылысы жүріп жатқанын мәлімдеді. Оған жергілікті бюджеттен 2 млрд. теңгеден астам қаржы қаралған. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.