• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2015

Атырауда жолаушылар автобустарын GPS-пен бақылайды

305 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 19 қаңтар. Атырау қаласында жолаушылар тасымалдайтын автобустар қозғалысы GPS-пен бақылауға алынады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаевтың жергілікті жолаушы тасымалдаушылармен өткізген кеңесінде нақ осы мәселе мақұлданды. Бұған дейін, яғни, өткен жылдың күзінде қалалық әкімшіліктің қызметкерлері Астанадағы қоғамдық көлікте GPS жүйесін енгізу тәжірибесіне зерттеу жүргізіпті. Ал Атыраудағы алғашқы тәжірибе №4 машрутта қатынайтын автобуста енгізілген. Осы бағыттағы 12 автобусқа GPS жүйесі қондырылып, қоғамдық көліктің аялдамаларға келуі уақыты, ұзақ тұруы мен салонға адамның көп мінуі, жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін сақтауы бақылауға алынған. «Бұл қоғамдық көліктерде жолаушы тасымалын жақсартуға септігін тигізеді. Өйткені, GPS жүйесін қаладағы 200-ден астам автобусқа орнатар болсақ, олардың күнделікті қозғалысын, құқық бұзушылықтарды экраннан көріп отыруға болады», деген Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев тиісті мамандарға GPS жүйесін енгізудің тиімді жолдарын қарастыруды ұсынды. Мұндай жүйе болашақта Атырау қаласындағы такси қызметіне қолданылуы мүмкін. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: azh.kz.