• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2015

Қостанайлық ақын Меңдіқара ауданының құрметті азаматы атанды

530 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 19 қаңтар. Белгілі ақын Жолбарыс қажы Баязид өзі туып өскен Меңдіғара ауданының Құрметті азаматы атанды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жақында құрамында аудан әкімінің міндетін атқарушы К.Сәдуақасов, аудандық мәслихат хатшысы В.Леонов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Швыдченко, Қостанай қаласында тұратын ақын Жолбарыс Баязидке Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы куәлігі мен құрметті лентасын әкеліп тапсырды. Жолбарыс Баязид осы аудандағы Красная Пресня ауылында туған. Көп жылдар облыстағы баспасөз саласында жемісті қызметтер істеді. Сонымен қатар, өзінің ақындық шығармашылығын ұштай білді. Оның бірнеше жыр жинақтары тек облысқа ғана емес, еліміз оқырмандарына танымал. Жолбарыс ақын мәтінін жазған «Қыздарға әсемдік жарасады», «Қостанайым» әндері кең тараған. Ақын жерлестерінің өз шығармашылығына көрсеткен сыйын қазақ әдебиетіне деген құрмет деп білетінін жеткізді. Ол өзінің кіндік кескен ауылы Меңдіқара ауданы жұртшылығына мерейлі табыстар, тыныштық, мол игіліктер тіледі. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: egemen.kz. Сурет: mendikara.kostanay.gov.kz.