• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
17 Қаңтар, 2015

Ресей президентінің рейтингі тағы да шарықтап кетті

281 рет
көрсетілді

АСТАНА. 17 қаңтар. Ресей президенті Владимир Путиннің өз елі электораты алдындағы рейтингісі тағы да шарықтап көтеріліп, 70 пайыздың үстіне шықты. Бұл туралы «Аргументы и факты» басылымына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады. Егер алдағы жексенбіде президент сайлауы өте қалса, Владимир Путинді ресейліктердің 70 пайыздан астамы қолдаған болар еді. «Қоғамдық пікір» қорының баяндамасы осыны аңғартады. Сауалнама барысында социологтар респонденттерге 2012 жылғы президент сайлауына қатысқан адамдардың тізімін ұсынған. Сонда жауап бергендердің 71 пайызы Владимир Путиннің кандидатурасына тоқталған. Бұдан бөлек, Владимир Жириновский – 5, Геннадий Зюганов – 4, ал Михаил Прохоров 1 пайыздық дауыс алған. Қордың атап өткеніндей, президент 2008-2009 жылғы дағдарыс тұсында да дәл осылай бірден күрт жоғары шыққан. «Елде қолайсыз жағдай бола бастаған кезде, жұрт өздерін қорғай алатын инстанцияға осылай табиғи жолмен арқа сүйейді», – деп түсіндіреді мұны қордың басшысы Александр Ослон. Еске сала кетейік, осының қарсаңында «Левада-центр» сондай-ақ осындай сауалнама қорытындысына сүйеніп, ресейліктердің басым бөлігінің 2018 жылғы сайлаудан кейін де Владимир Путиннің өз орынтағында қала беруін қалайтынын жариялаған болатын. Бұдан басқа, Ресей басшысы өткен жылы тағы да «Жыл адамы» атанды. Айдар Өрісбаев. Дерек: ras.kz. Сурет: ria.ru.