• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Кино 19 Маусым, 2024

Киногерлер конкурсы: Үздік жобалар мемлекеттік қаржыландыруға ие болады

123 рет
көрсетілді

Отандық режиссерлердің 87 жобасы талқыланды. Ал 18-20 маусым күндері ашық қорғау өткізіледі. Ең үздік киножобалар мемлекеттік қаржыландыруға ие болып, ұлттық фильм ретінде танылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Киножобаларды іріктеу 8 сәуірден басталып, телефон қоңыраулары, оффлайн кездесу және әлеуметтік желідегі кері байланыс арқылы консультация жұмыстары жүргізілді. Бірінші кезең бойынша электронды түрде тіркелген сценарийлер мен сценарий жоспарларының жалпы саны 465-ті құрады.

«Ашық қорғау әділетті өтетіне сеніміміз мол. Барлық жоба киноорталықтың ресми YouTube арнасында онлайн-режимде көрсетіледі. Сараптама кеңесінің мүшелері де ұлттық киноға сүбелі үлес қосатын кинокартиналарды іріктеуге күш салуға кірісіп отыр», дейді Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.

Айта кетейік, сараптама кеңесінің құрамында Досхан Жолжақсынов пен Әсия Байғожина бастаған Әлия Бөпежанова, Ақберен Елгезек, Сәуле Досжан секілді зиялы қауым өкілдері бар.

 

Арай НҰРҚАБЫЛ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенті