• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Маусым, 2024

Теміртауда жеңілдетілген ипотека алуға өтінім қабылдана бастады

32 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының әкімдігі Теміртауда жұмыс істейтін жастарға тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие беруге өтініштер қабылданып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Құжаттар 28 маусымға дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Теміртау жастары» тұрғын үй-ипотекалық бағдарламасына өтініш 28 маусымға дейін қабылданады.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.

Сондай-ақ ипотека алуға ниетті тұрғынның және оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы керек.

Ипотекалық қарыздың ең жоғары сомасы - 15 млн теңге.

Үміткерлердің есепшотында қарыз сомасының кемінде 10% мөлшерінде бастапқы жарнасы жиналуы шарт.

Осы талаптар орындалған жағдайда тұрғын үйді жылдық 6%-бен ресімдеуге болады.

Несие мерзімі - 8 жыл.

Бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт жүйелерінің қызметкерлерінен, БАҚ, өндіріс, ЖОО және әлеуметтік сала өкілдерінен басқа квазимемлекеттік сектордың коммуналдық кәсіпорындарының, ТЖМ, жолаушылар көлік кәсіпорындарының, «Оқжетпес-Т» және «Қазпошта» компанияларының қызметкерлері де қатыса алады.

Тұрғын үйді бастапқы және қайталама жылжымайтын мүлік нарығында сатып алу қарастырылады.

Үміткерлерден мынадай құжаттар сұралады: 

жеке куәлік; азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (неке қию және балалардың тууы туралы куәлік – болған жағдайда); өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама; ресми бланкіде жұмыс орнынан анықтама (ресми бланк болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуы тиіс); еңбек өтілін растайтын құжат; еңбек қызметінің барлық кезеңі үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме; мүгедектік туралы анықтама (бар болса).

Айта кетейік, «Теміртау жастары» - Теміртау қаласы әкімдігі мен «Отбасы банктің» бірлескен жобасы. Тұрғын үй-ипотекалық бағдарлама 2023 жылы іске қосылды.