• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Маусым, 2024

Қала сәулетіндегі жаңа жоба

73 рет
көрсетілді

Келер жылы Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толады. Төрт жыл ел байтағы болған шаһарда сол кезеңді еске түсіретін нысандар да көп емес. Жергілікті әкімдік осы тарихи ғимараттарды негізге ала отырып, қаланы түрлендіруге кірісіп кетіпті.

Қызылорда ел орталы­­ғы атан­ған кезде мекемелер мен тұр­ғын­ үйлер теміржол вокзалы мен ескі базар аумағы ара­лы­ғын­да орын те­уіпті. Осыдан да қа­ла әкімдігінде құрылған жұ­мыс­­шы топ вокзал маңы мен Әуел­бе­ков көшесінің бо­йын­дағы ны­сан­дарға мониторинг жұ­мыс­та­рын жүр­гізіп, дизайн код жобасын әзірледі.

Осыған дейін дизайн код тұр­ғын саны миллионнан асатын қалаларға қатысты жасалатын. Осыдан 2 жыл бұрын өзге ша­һар­ларға да дизайн код жобасын әзірлеуге тапсырма берілді. Осы­ған сәйкес бюджеттік өтінім әзір­ле­ніп, тиісті қаржы бөлініп отыр.

Дизайн код қаладағы ғима­раттардың сыртқы қасбетінің үлгісін, оның түсі, құрылыс жұмыстарына қолданылатын материалдарды, тіпті жарна­ма­лардың дұрыс орналасуын, көшелердің бірыңғай сәу­лет­тік үлгіге сай болуын тәртіпке келтіретін құжат болады.

Ірі қалаларда әкімдіктер осы тәртіптің сақталуын бақылап, қабылданған нормативтік құқық­тық құжатқа сүйеніп, нысан иеле­ріне талап қоя алады. Қалалық сәулет және қала құрылысы бө­лі­мінің басшысы Дінмұхамбет Сыр­лыбаевтың айтуынша, біз әлі мұндайға қол жеткізе қойған жоқпыз. Алда жобаны қалалық мәслихат шешімімен бекітіп алу жоспарланып отыр.

«Теміржол вокзалы қа­ла қақ­пасы саналады ғой. Сон­дық­тан жаңалықты сол аумақтан бас­­та­­ғымыз келеді. Сонау патша заманында салынған вокзал ғима­раттары дизайн кодка сәй­кес жаңғырады. Бұл жобаны жү­зе­ге асыруға бөлінген қаржы бар. Одан бөлек, кәсіпкерлер де көмек қолын созады», дейді бөлім басшысы.

Осы аумақтағы ғима­рат­тар­дың көбінің сырты түрлі түске боялған. Қазір жергілікті кәсіпкерлер арасынан екі азамат Әуелбеков көшесіндегі осындай баспаналарды жобаға сай реконструкциялауды бастап кетіпті. Қызылорда қаласының әкімі Серік Қожаниязов Астана­ға арнайы сапарлап, «Қазақ­стан темір жолы» ҰК» АҚ бас­шы­лығымен дизайн жобасына сәйкес вокзалдағы ғимараттарды ретке келтіру мәсе­лесін талқы­лады. Соған байланысты темір­жолшыларға қатысты 3 үлкен ғим­а­раттардың біріне биыл жөн­деу жұмыстары жүргізіледі.

Вокзал перронындағы жолау­шы­ның алдын кесіп, қаз-қатар тізілген сауда дүңгіршектері де алынатын болды. Қыста салқын, жазда ыстық бұл сауда нүктелерінің орнына ішінде жылуы жүргізілген, желдеткіші бар арнайы орындар салынады.

 Осыдан екі жыл бұрын Қызыл­­­орда облысы прокуратурасы қала орталығындағы үлкен сауда орталықтарына тексеру жүр­­гі­­зіп, соның нәтижесінде біраз ұсы­ныс енгізілген. Жуыр­да ғана қалада Қазақстан Рес­пуб­ликасы мәс­ли­хаттарының құрыл­ғанына 30 жыл толуына орай өткен «Халыққа қолайлы инфрақұрылым. Жайлы шаһар жасау бастамалары» тақы­ры­бындағы семинар-кеңесте осы бағытта атқарылған жұмыстар реті баяндалды. Құрылыс ереже­ле­рін ескермей салынған нысан­дар бұзылып, өрт қауіпсіздігі та­лап­­тары сақтамағандарға қатыс­ты сотқа талап-арыз жолданды.

«Эстетикалық талаптарды былай қойғанда, бізде көбіне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кедергісіз орта қалыптастыру міндетін ұмытып кететіндер бар. Көп ғимараттың сыртындағы пандустар «жоқтан жақсы» деген оймен салынған. Жаяу жүргіншілер жолы мен көше жиегіне бордюр қойып тастайтынымыз тағы бар. Негізі тротуар мен жол арасында да мүмкіндігі шектеулі жан кедергісіз жүре алатындай пандустар болуы керек. Қала барлық жан үшін қолайлы болғанда ғана жайлы мекенге айналады. Қызылорданың аптабында кондиционерсіз отыру мүмкін еместігі белгілі ғой. Бірақ соның өзін бір ретпен орнату қажет. Кейбір пәтер қожайындарынан «үй менікі, не істейтінімді өзім білем» деген жауап аламыз. Бірақ пәтер оның жекесі болғанымен, қала ортақ қой. Сондықтан да қазір құрылысы жүріп жатқан үйлерді салып жатқан компания өкіл­деріне осы мәселені ескеруді тап­сырдық», дейді Дінмұхамбет Сы­р­лыбаев.

Астана болғанына келер жы­лы бір ғасыр толатын шежі­релі шаһарда осындай игілікті бас­тама бар. Биыл Әуелбеков пен Әйтеке би көшелерінің бойы жаңа үлгіге сай жаңғырып, тарихи қала түрлене түспек.

 

Қызылорда