• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Президент 21 Маусым, 2024

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

122 рет
көрсетілді

Ақордада төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенім грамоталарын Қатар Мемлекетінің елшісі Абдалла бен Хусейн Мұхаммед Джабер, Боливар Венесуэла Республикасының елшісі Росальба Ло Буэ Антико, Камбоджа Корольдігінің елшісі Чеа Сок, Бурунди Республикасының елшісі Жозеф Нкурунзиза тапсырды.

Ел Президенті елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

«Біз салмақты, сындарлы, бейбіт сыртқы саясат жүргізіп отырмыз. Жақын арада аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты дамытуда жаңа жетістіктерге қол жеткізе аламыз деп сенеміз. Баршаңызды тағы да құттықтаймын. Сіздердің Қазақстандағы маңызды миссияларыңызға табыс тілеймін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті