• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 21 Маусым, 2024

Астана тұрғыны автосалонды сотқа беріп, 16 миллион теңгеден астам ақша өндіріп алды

75 рет
көрсетілді

Астаналық тұрғын автосалондардың бірінен құны 15 млн теңге тұратын көлікті сатып алған. Үш айдан кейін көліктен ақаулар табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлікті сатуға келетін болсақ, бөлшекті жеткізу бірнеше айға созылған. Тауарды қайтару немесе айырбастау туралы шағыммен көлік иесі автосалонға сотқа дейінгі талап-арызын тастады. Мәселені шешу әрекетінен нәтиже шықпағандықтан, тұтынушы Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуға мәжбүр болды.

Көлік иесі өз шағымында сатушының ақауларды жоюдан, көлікті айырбастаудан немесе ақшаны қайтарудан бас тартқанын, сонымен қатар кепілдік жөндеу шарттарын бұзғанын көрсеткен.

Іс сот органдарына жіберілді. Департамент басшысы Нұрғали Қуандықұлы, егер техникалық жағынан күрделі тауарда елеулі кемшілік табылса, сатып алушының тауарды ауыстыруға немесе ақшаны қайтаруға құқығы бар екенін түсіндірді.

Сот сатып алушыға автокөліктің құнын қайтаруға, 100 мың теңге мөлшерінде моральдық залалды өтеуге, жөндеу кезінде Астанада тұруға 71 мың теңге мөлшерінде шығындарды, заң қызметтеріне 500 мың теңге  және 161 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік БАЖ-ды төлеу туралы үкім шығарды.

Өтемақының жалпы сомасы 16 миллион 677 мың теңгені құрады.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті