• RUB:
    5.45
  • USD:
    465.52
  • EUR:
    498.2
Басты сайтқа өту
Парламент 22 Маусым, 2024

Нұртөре Жүсіп Түрікменстан Мәжілісінің «Халықтарды біріктіретін тарихи-мәдени құндылықтар» отырысына қатысты

48 рет
көрсетілді

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Түрікменстан Мәжілісінің Махтумкули Фрагидің 300 жылдығына арналған «Халықтарды біріктіретін тарихи-мәдени құндылықтар» отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесуге қатысушылар мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселелерін онлайн түрде талқылады.

Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Махтумкули Фрагидің шығармашылық мұрасы Орталық Азиядағы барлық халықтардың мәдени мұрасы екеніне тоқталды және әлемдік әдебиет тарихына жазылғанын атап өтті. Депутат сонымен қатар Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы ынтымақтастық достық пен тату көршілікке, ғасырлар бойғы тарихи байланыстарға негізделгенін жеткізді.

«Қазақстан мен Түрікменстан ғасырлар бойы рухани тамыры бір ортақ тарихпен, достық және тату көршіліктің ізгі дәстүрімен, өзара ынтымақпен тығыз байланысып келеді. Бүгінгі таңда екі елдің Парламенттері, Үкіметтері мен мемлекеттік органдары арасындағы өзара белсенді іс-қимылды екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етуде. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар өзара іс-қимылдың маңызды құрамдас бөлігі екені даусыз, ал қазақ және түрікмен диаспоралары байланыстырушы буын болып қала береді», - деді Нұртөре Жүсіп.

Шараға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Иран депутаттары да қатысты.