• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 24 Маусым, 2024

«Әкесі – неміс, анасы – қазақ». Димаш Құдайберген «қалыңдығына сөз салғаны» рас па?

340 рет
көрсетілді

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бейтаныс қызға сақина сыйлаған сәті әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желіні шулатқан видео жарнама мақсатында түсірілгені анықталды. Бейнероликте Димаштың ақ көйлек киген «қалыңдығына» неке жүзігін сыйлап жатқанын көруге болады.

«Бейнежазбадағы қыз Наталья Петри – былтыр Алматыда өткен сұлулық байқауының жеңімпазы. Абай атындағы ҚазҰПУ-да «ғылыми физика» мамандығы бойынша білім алады. Наталья бала кезінен физикаға ғана емес, химия мен математикаға да қызығушылық танытып, осы салада мұғалім болуды ұйғарған. Наталья ұлттық би өнерімен айналысады, қазақ мәдениетін жақсы көріп, қазақ тілінде еркін сөйлейді. Оның әкесі - неміс, анасы - қазақ. Жарнамалық плакаттар Алматы мен Астана қаласының билбордтарында пайда бола бастады», делінген ашық ақпарат көздерінде.