• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Маусым, 2024

Қазақстанда «ең бай зейнеткер» қанша алатыны айтылды

204 рет
көрсетілді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтары туралы жаңарған ақпаратты ұсынды. Оған қоса ай сайынғы төлемнің шекті сомасы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БЖЗҚ мәліметінше, 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында 19,2 триллион теңге жиналып, 5 айда 1,4 триллион теңгеге (немесе 7,7 пайызға) ұлғайған. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 триллион теңгеден асты (21,5 пайыз).

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 33 921 теңгені құрайды. Ал «ең бай зейнеткер» ай сайын 945 752 теңге алады.