• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 27 Маусым, 2024

Президент БАҚ өкілдерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

307 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 25 маусымдағы №153 өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы: 1. «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы – Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа; 2. «Turkistan» халықаралық газетінің бас редакторы – Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке; 3. «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС бас редакторы – Елена Андреевна Преображенскаяға; 4. «Astana aqshamy» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы – Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға берілді; Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты: 1. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері – Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа; 2. «Хабар» агенттігі» АҚ арнайы тілшісі – Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға; 3. «Jibek joly» телеарнасының тілшісі – Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа; 4. «Орал өңірі» газеті бас редакторының орынбасары – Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға тапсырылды; Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы Алғысы: 1. «24KZ» телеарнасының шығармашылық ұжымына; 2. «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына; 3. «Baqkz» ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына; 4. «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында марапатталған азаматтар арасынан «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиев, Павлодар облысы «Ирбис» телеарнасының тілшісі Елена Белоградова және «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Ақорда» бағдарламасының авторы-продюсері Ақерке Бектас сөз сөйлеп, ой-пікірлерін ортаға салды.