• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Маусым, 2024

«Көпірден секірмек болған»: Астанада ұландықтар бойжеткенді құтқарып қалды

299 рет
көрсетілді

Астанада Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 маусым күні кешкі сағат 19.00 шамасында кіші сержант Ризабек Түлеев пен қатардағы патруль қызметкері Руслан Мусин Сарайшық көпірінің жанынан өтіп бара жатқан. Осы кезде Жедел басқару орталығына қыздың көпірдің шетінде тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Сол сәтте олар бірден оқиға орнына қарай беттеген.

«Ол осы уақытта қоршаудың артында тұрды. Жас қыз секіремін деп қорқытты», дейді Ризабек Мерекеев.

Әскери қызметкерлер қызды төмен түсуге көндіріп, онымен сөйлескен. Қолайлы сәтті күткен әскерилер мен өтіп бара жатқан қала тұрғындары қызды қоршаудан шығарып үлгерген.

Кейінірек бойжеткеннің Алматы ауданының полиция бөліміне жеткізілгені хабарланды.