5 адамнан тұратын туристік топ тауға көтеріліп, өз бетінше түсе алмаған. Оларды іздестіру операциясы Қарасай ауданының «Девичьи слёзы» сарқырамасының маңында жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД құтқарушылары және Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары дереу шығып, іздестіру жұмыстарын жүргізді.Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылы арқасында 19-20 жастағы жас туристер аман-есен табылды.
«Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты құтқару жұмыстары 5 сағатқа созылды. Туристерге медициналық көмек қажет болған жоқ», делінген хабарламада.