• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Шілде, 2024

Алматыдағы автобус апаты: Жүргізуші әйел үйқамаққа жіберілді

140 рет
көрсетілді

Бұл туралы Әнел Сартаеваның мүддесін қорғаған адвокат Қанат Әлсейіт хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қалалық сот жеке шағымды объективті және жан-жақты қарады. Бұрын таңдалған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылды. Жеке шағым толығымен қанағаттандырылды. Тергеу барысында Әнел үйқамақта болып, баласына қамқор болады», деп жазды қорғаушы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салайық, 26 маусымда Алматы қаласында болған жол апаты кезінде 1 адам қаза тауып, 16 адам медициналық көмекке жүгінді.

Тергеу барысында кінәлі екі айға қамауға алынған еді. Белгілі болғандай, оның емізулі баласы бар екен. Әнел Сартаеваның адвокаты жеке шағым түсіріп, сот оны қанағаттандырды.