• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Шілде, 2024

ШЫҰ саммиті: Режеп Тайип Ердоған Астанаға келді

79 рет
көрсетілді

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның ұшағы Астанаға қонды. Түркия елінің басшысын Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.

Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады. Түркия — ұйымға серіктес ел.

Айта кетейік, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20 мемлекетіне кіреді.

Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі $1,6 млрд-қа жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде $10 млрд деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатыр.