• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Шілде, 2024

Димаш Құдайберген Қазақстан мен Қытай Президенттері алдында өнер көрсетті

104 рет
көрсетілді

3 шілдеде опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен әнші Димаш Құдайберген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге шағын концерт берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ресми келіссөздер соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің алдында опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетті», делінген хабарламада.

Екі ел басшылары қазақстандық танымал әртістердің өнерін жоғары бағалағаны атап өтілді.

Бұған дейін жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Бірлескен мәлімдемеге қол қойғаны хабарланған болатын.