• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Шілде, 2024

Жолдама иегері Милад Карими Францияда топ жарды

79 рет
көрсетілді

Францияның Труа қаласында спорттық гимнастикадан өткен халықаралық турнирде Қазақстан спортшысы Милад Карими чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттен мәлім болғандай Олимпиада қарсаңында өткен турнирге Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария, Қазақстан командалары қатысты.

Естеріңізге салайық, ұлттық құрама сапынан Париж Олимпиадасына лицензия иегерінің бірі – спорттық гимнастика өкілі Милад Карими. Отандасымыз жолдаманы 2023 жылы Бельгияның Антверпен қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіп алған еді.