30 маусым күні Ақтауда түн ортасы шамасында ер адам жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Lada.kz сайтына оқиға куәгері айтып берді.
Соққы нәтижесінде дәрігердің миы шайқалған, периорбитальды гематома, бетінде көптеген көгерулер болған.
Облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі дәрігерлер зардап шегушіні тексеріп, амбулаторлық емдеуге жібергенін хабарлады.