• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Шілде, 2024

Астанада ЭКСПО маңындағы көшелер жабылады

67 рет
көрсетілді

6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «OPEN AIR» мерекелік концерті өтеді. Концерт соңында сағат 22:15-те (22:30) «ASPAN» жеңіл дрон шоуы жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін Ұлы Дала – Түркістан – Т.Рысқұлов – Ақмешіт көшелерінің алаңында қозғалыс шектеледі.

«Көрермендерге кептеліс тудырмас үшін жеке көлікті пайдаланбауға кеңес беріледі. Ыңғайлы болу үшін елорда әкімдігі  жеке көлігіңізді қалдыратын екі тегін автотұрақ ұсынады.  Концерт өтетін жерге жеткізілетін арнайы автобустарға (Shuttle Bus) ауысуға болады. Іс-шара соңында осы автобустар барлық ниет білдірушілерді жинау нүктелеріне қайтарады», делінген әкімдік хабарламасында.

Автокөлікті қалдырып, автобустарға ауысуға болатын орындардың мекенжайлары:

«Бас мешіт» автотұрағы (Мәңгілік Ел көшесі, 65)  «Барыс Арена» МЛД тұрағы (Тұран даңғылы, 57).

Еске сала кетейік, дрон шоуы үшін 1250 жоғары жылдамдықтағы радио басқарылатын құрылғы аспанға ұшырылады, оның 70-і пиротехникалық дрондар. Бұл дрондар мен пиротехниканың симбиозының жаңа технологиясы. Барлық визуалды эффектілер Қазақстан және шетелдік композиторлардың музыкасымен синхрондалады. Көрме демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.