• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Шілде, 2024

Қоғамдық қабылдау өтті

50 рет
көрсетілді

Депутаттардың аймақтарға сапары жалғасып жатыр. Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев «Аmаnаt» партиясы Жетісу облысы бойынша филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.

Қабылдау барысында облыс тұрғындары депутатқа әлеу­меттік қамсыздандыру, білім беру, коммуналдық шаруашы­лық, жол құрылысы, басқа да мәселелерді көтерді.

Талдықорған қаласының кәсіп­кері Ерлік Бейбітұлы екі жыл­дан астам ағаш өңдеу кәсі­бі­мен айналысып келеді. Енді оны кеңейтіп, жаңа құрал-жаб­дықтар алуды жоспарлап отыр. Кәсіпкерлерді қолдаудың мем­лекеттік бағдарламасы бойын­ша 5 миллион теңге өтеусіз грант алу үшін бизнес-жоспар дайындаған. Бірақ комиссия құ­рамында тиісті мамандар болма­ғандықтан оны қорғай алмаған.

– Гранттарды бөлу ережелері уақыт талабына сай болуға тиіс. Бұл мәселені Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп зерделеу қажет. Сонда мүмкіндігінше шағын бизнес тегін гранттарды пайдалана алады, – деді Руслан Қожасбаев.

Бұл ретте депутат бизнесті қолдау бойынша басқа да бірқа­тар мемлекеттік бағдарлама бар еке­нін еске салды. Мәселен, «Да­му» қоры арқылы, «Бизнестің жол картасы», «Ұлттық кәсіп­кер­лікті дамыту жобасы».

Әлеуметтік қорғау мәселесі де көтерілді. Талдықорған қала­сын­дағы «Асар» дене шынықты­ру-сауықтыру орталығының бас­шысы Елдос Баялышбаев көппәтерлі тұрғын үйлерді ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бейімдеудің, атап айт­қанда, кіреберіс есік, балкон, асүйге арналған арнайы құрыл­ғылармен жабдықтаудың маңыз­дылығына назар аударды.

Бұл ретте Руслан Қожас­баев қолжетімді ортаны құру бо­йынша «Кедергісіз келешек» партиялық жобасына тоқталды. Қазіргі таңда әкімдік Жетісу өңірінде 2021-2023 жылдар ара­лығында бейімдеу жоспар­ланған 410 әлеуметтік нысанның 382-сінде бейімдеу шараларын жүргізді.

– Қолжетімділік стандарттары әзірленбей тұрып салынған үйлер барын, лифт немесе пандус орнату мүмкін емес жерлер де бар екенін ұмытпаған жөн. Міндетіміз – әрбір құрылыс компаниясы барлық техникалық стандартқа сай болуы үшін әзірлеушілерді қадағалау. Бар­лық нақты фактіні жергілікті атқарушы органдарға жолдаймын, анықталған бұзушылықтар жақын арада жойылуға тиіс, – деді депутат.

Жетісу өңіріндегі партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне барлығы 2024 жылдың басынан бері 1 500-ге жуық арыз-шағым тіркеліп, олардың басым бөлігі оң шешімін тапқан.