• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 10 Шілде, 2024

Қарағандыда астыртын ойынхана ұйымдастырғандар ұсталды

96 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, күдікті «Покер» құмар ойынын өткізу мақсатында жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алып, арнайы үстелдерді орнатқан. Астыртын ойынханадан түрлі фишкалар мен ойын карталары табылған. 

«Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан. Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды», делінген ҚМА хабарламасында.