ҚР Үкіметінің қаулысымен Ардақ Амангелдіұлы Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ардақ Амангелдиев 1975 жылы дүниеге келген.
Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ Ли Куан Ю атындағы мектеп пен Д.Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің бірлескен шеберлік бағдарламасын (мемлекеттік басқару бойынша магистр) оқыған.
Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облыстық қаржы басқармасының бас маманы болып бастаған.
Ардақ Амангелдиев аталған министрлікте стратегия, экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді.