9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Маңғыстау тұрғындары аспаннан ерекше жарқыраған құбылысты байқаған. Бұл көріністің суретін маңғыстаулықтар әлеуметтік желілерге жариялаған, деп жазады Egemen.kz.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, өңір тұрғындары айналасында шеңберлері бар жарқыраған құбылысты суретке түсіріп алған.
9 шілде күні кешке Ресейдің бірнеше аймақтары мен Шығыс Еуропа елдерінің тұрғындары да әлеуметтік желілерде ерекше құбылыстың суреттерін жаппай тарата бастаған.
Ресейлік БАҚ бұл нысан Куру ғарыш айлағынан бұрын ұшырылған Ariane 6 зымыраны болуы мүмкін деп тұжырымдады.
Айта кетейік, жеңіл салмақты француздық Ariane зымыраны 9 шілде күні кешке алғаш рет сәтті ұшырылды.