• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тарих 11 Шілде, 2024

Жартастағы суреттер бүгінгі күнге дейін қалай сақталған

288 рет
көрсетілді

«Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры Бибігүл Дандығараеваның «Таңбалыдан басталған таңғажайып» атты  мақаласы жарияланды.

Б.Дандығареваның жазуынша, бүгінде «Таңбалы» музей-қорығы – еліміздегі ғана емес, Орталық Азиядағы жалғыз ма­мандандырылған мекеме. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасы жартас өнерінің көрнекті ескерткішін сақтауды қамтамасыз етеді. Музей-қорық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Таңбалы кешені ескерткіштерінің жай-күйіне мониторинг жасайды, петроглифтерді сақтау бойынша жобаларды жүзеге асырады.

Автор көлемді мақаласында: «Таңбалыдағы реставраторлардың жемісті жұмыс тәжірибесі – Орталық Азияның өзге де елдерінің мамандарына үлгі. Осының негізінде жартастағы сурет өнерін сақтаудың отандық мектебі қалыптасты десек болады. Қазақстан ғалымдары жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесі Таң­балы петроглифтерінің бірегей әлемдік құндылығына негіздеме болды, ол 2004 жылы «Таңбалы археологиялық ландшафының петроглифтерін» ЮНЕСКО тізіміне енгізу кезінде танылды», деп жазады.

Мақалада жазылғандай, кейінгі жылдары Таңбалыға жақын орналасқан Қоғалы мен Алмалы шат­қалдары археологиялық тұрғыда зерттеле бастаған. Қоғалыдан ежелгі түрік мифологиясы мен культтік ғұрыптық тәжірибедегі кейіпкерлер мен тұтас кө­ріністерді бейнелейтін үш мүйізді тәж киген әйел кейіпкерінің бейнесі (Ұмай), түркі көсеміне табыну (қаған), тағы басқа бірегей жартас суреттерінің шоғыры табылған. Ал Алмалы шатқалынан көптеген ежелгі және ортағасырлық тұрақ табылды, олардың маңында Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттарының таңбалары кездеседі.

Қазіргі кезде Алмалы мен Қоғалыда кешенді зерттеу мақсатында «Таңбалы» музей-қорығының ғылыми тарихи-археологиялық экспедициясы құрылып жатыр. Ауқымды бағ­дарламаны іске асыруға белгілі отан­дық және шетелдік маман-түрко­логтер – археологтер, тарихшылар, филолог­тер қатысады. Бұл «Таң­балы» тари­хи-архео­логиялық экспедиция­сына халықаралық сипат береді.

Мақаланың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.