• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 11 Шілде, 2024

Павлодар тұрғыны кісі өлтіріп, мәйітті көлге батырып жіберген

98 рет
көрсетілді

Екі тұрғынның арасында туындаған жанжал қайғылы оқиғаға себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін сот залында Б. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Павлодар тұрғынына кісі өлтірді деген айып тағылған.

«Соттың анықтауы бойынша 2009 жылдың 6 шілдесінде масаң күйде болған Б., жанжал салдарынан К.-ны тұншықтырып өлтіріп, кейін денесін көлге батырып жіберген», делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамасының нәтижелерімен және сотта зерттелген басқа да деректермен дәлелденді. Ер адам кінәсін мойындады.

Айта кетейік, қылмыскер бұрын сотталған болып шықты.

«Барлық мән-жайды ескере отырып, сот қылмыстардың жиынтығы бойынша Б.-ға қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеумен 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.