• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Шілде, 2024

Алматылықтар автотұрақтан орын табу үшін 20 минутын жоғалтады

100 рет
көрсетілді

Автотұрақ тапшылығы – барлық қалаға ортақ мәселе. Әсіресе Алматыдағы ахуал әлі де шешімін таппай келеді.

Халық санының өсуімен бірге көлік саны да артып келеді. Ал кей тұрғын үйлердің маңында автотұрақтар жоқтың қасы. Аулада көлік толып тұрғандықтан, шұғыл жағдайда өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасы да кіре алмай қалып жатады. Мегаполисте автотұрақтардың жетіспеушілігінен адамдар көлігін қоқыс жәшіктерінің жанына да қойып кете береді. Салдарынан қоқыс жинаушылар таңертең қоқысты шығара алмай әлекке түседі.  

Қазіргі уақытта Алматыда 12,5 мың автотұрақ бар екен, алайда соның өзі жеткіліксіз. Әкімдік, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мемлекеттік органдар ғимараты маңайынан бос тұрақ табу үшін тұрғындар жоқ дегенде 20 минутын жоғалтады.

Бұл туралы толығырақ сарапшы Назгүл Сәркенің «Egemen Qazaqstan» газетінің бүгінгі санында жарияланған «Автотұрақ түйткілі» мақаласынан оқи аласыз.