• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Өнер 13 Шілде, 2024

Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

132 рет
көрсетілді

12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа фильмі "Аңыз" прокатқа шықты, деп жазады Egemen.kz.

Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Бұл махаббат" саундтрегі шырқалады. Трек музыкалық платформаларға 5 шілдеде тарады.

Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильмнің тарихы археолог Джек туралы және оның шәкірттерімен бірге арман әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны жайында баяндайды. Археолог мұздық қазбалары кезінде табылған жәдігерлердің текстурасы түсінде көрген нефрит кулонын еске түсіретінін байқайды.

"Бұл махаббат" әнін Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Оскардың музыкалық төрешісі, маэстро Натан Ванг жазған. Жаңа ән - Ван мырза мен Димаштың үшінші бірлескен туындысы.