«Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ақорда хабарламасында: «Мемлекет басшысының Жарлығымен Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды», делінген.