• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экология 16 Шілде, 2024

Бурабайда сирек кездесетін өсімдік гүлдеді

214 рет
көрсетілді

Кеше, 15 шілде күні Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ботанигі Юлия Боссерт күнделікті жұмысы барысында гүлдеп тұрған ақ тұңғиық байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызметкер сирек кездесетін өсімдік Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілгенін еске салды. Ақ тұңғиық - саябақ экожүйесінің маңызды бөлігі. 

Көздің жауын алатын ерекше гүл бейнеленген видео саябақтың Instagram парақшасында жарияланған.

«Ақ тұңғиық (Nymphaea alba) суды таза ұстауға көмектеседі және көптеген су организмдеріне пана болады. Су лалагүлі маусымнан қыркүйекке дейін гүлдейді, оның әлсіз хош иісі жақыннан ғана сезіледі», деді Бурабай мемлекеттік ғылыми-зерттеу кәсіпорнының кіші ғылыми қызметкері әрі ботанигі Юлия Боссерт.

Айта кетерлігі, ақ тұңғиық  гүлдері таңертең ерте ашылып, кешке жабылып, күн батқанға дейін су астында жасырылады.

Юлия Боссерт бұл өсімдіктің заңмен қорғалатынын және біздің қорғауымызды қажет ететінін ескеруді сұрады.