• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Шілде, 2024

Шахмат тастарының атауы қайдан шықты

246 рет
көрсетілді

Шахмат ойыны мың жарым ғасыр бұрын Үндістанда «чатуранга» атауымен пайда болған. Кейін ол парсылардың сүйікті ойынына айналып, жер-жаһанға таралған.

Чатуранга – екі та­раптың соғыс ала­ңын бейнелейтін интеллектуалдық ойын есебінде дүниеге келген. Үнділер оның басты тасын (фигурасын) «раджа» деп атаған. Кейін парсылар оны «шах» деп өзгерткен. Ал ойын әлемге әйгіленген кезінде «жоғарғы бұйрық берушіні» әр ел өз тілінде айдарлады. Мә­селен, еуропалықтар бұл фигураны «король» десе, славяндар «царь» дейтін болған.

Бұдан кейінгі орында тұрған маңызды ойыншы – ферзь. Белгілі бір себептермен Еуропада король болатын болса, оның қасында королева да болу керек деп ұйғарылған. Бір­ақ үнділерде бұл фигура кеңесші («manri» – хакім) есе­бінде әрі оның қозғалыс аясы өте тар болған. Себебі ол жауынгер емес еді. Ферзьдің Еуропада неліктен әйел бейнесінде сомдалатыны әртүрлі себеппен түсіндіріледі. Зерттеушілер мұны әулие Мария культімен байланыстырады.

Ладья. Үнділерде бұл фигура «ратха» сөзімен, яғни соғысқа арналған арба деп түсіндіріледі. Парсылар оны «рох» (кеме) деп атаса, арабтар оны ұлттық мифологиядағы «рух» құсымен шендестірген.

Піл. Бұл – атауы ең көп фи­гураның бірі. Француздарда – «fou», «әзіл» немесе «масқа­рапаз» дегенді білдірсе, неміс­терде ол – «жүгіруші» деген мағынаны үстейтін «läufer». Болгарлар мен белорустарда ол – «офицер». Ағылшындар мен португалдарда – «епис­коп» Бірақ парсыларда бұл фи­гура піл болып сақталған. Шы­ғыстың кей мекендерінде оны «түйе» деп те жатады. Бастапқыда ауыр піл тек бір өрістігі диагональ бойынша се­кіре алатұғын, бірақ шыдамсыз еуропалықтар ережелерді жылдамдыққа қарай өзгертті. Бірақ олар оны басқа фигуралардан секіру мүмкіндігінен шектеді.

Ал «ат» қай заманда да «ат» болған. Ол Үндістанда «ашва» деп аталды, содан кейін бұл фигураның атын барлығы өз­геріссіз аударды. Оның қозғалыс түрі өзгерген жоқ. Тек Сицилияда ғана бұл фигура есек деп аталады. Қызық.

Ойынның негізгі жауын­герлері – пешкалар. Үндіше бұл фигура «падатам» деп аталады, бұл жаяу сарбаз дегенді білдіреді. Кейін еуропалықтар жорғын жауынгерге ферьз бола алатұғын әлеует сыйлады.