• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Шілде, 2024

Алматыда тағы бір автобус апатқа ұшырады

356 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде 17 шілде күні таңғы сағат 04:18-де №32 жолаушылар автобусының жүргізушісі кері бұрылу кезінде жеке үйдің қоршауына кіріп, газ құбырын бұзып кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сондай-ақ  видео авторы көлік жүргізушісінің мас күйде болғанын атап өтті.

Алматы полиция департаменті Түрксіб ауданында қоғамдық көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлады.

«Жол көлік фактісі тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Апаттың басқа жағдайлары анықталып жатыр», деді ведомство өкілдері.

Оқиғаға қоғамдық көлікке иелік ететін «АлматыЭлектроТранс» ЖШС түсініктеме берді.

«Бұл факті тіркелді, істің мән-жайы анықталады. Тергеу нәтижелері бойынша жүргізушінің кінәсінің дәрежесіне баға беріледі», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.