• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 24 Шілде, 2024

Алматыда аурухананың жанынан әйелдің мәйіті табылды

121 рет
көрсетілді

Полицейлер аурухана маңынан табылған әйел адамның мәйітіне қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы № 1 қалалық аурухананың маңында киімсіз әйелдің мәйіті жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

«Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар белгіленеді», деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.