• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Шілде, 2024

Ферроқорытпа зауытындағы апат: Тағы екі қызметкер көз жұмды

185 рет
көрсетілді

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен тағы екі адам ауруханада жан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

YDD корпорациясының мәліметінше, балқыту цехының слесары Дмитрий Адамчук пен бас механик қызметінің бригадирі Төлеген Жетпісбаев түнде ауруханада қайтыс болған.

«1981 және 1987 жылы туған науқастар есін жимай көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті. Өкінішке қарай, екі науқасты аман алып қалу мүмкін болмады», дейді дәрігерлер.

Бұған дейін технолог Ерұлан Қазкеннің қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Айта кетейік, екі күн бұрын Қарағанды ферроқорытпа зауытының пеш бастығы, 30 жастағы Музаффар Исмайлов қайтыс болған еді. Оның денесінің 85%-ын күйік шалған.

Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы апат салдарынан қаза болғандар саны төрт адамға жетті.

HID Corporation жерлеу рәсімін ұйымдастыру, ас беру және мазар/ескерткіш орнату бойынша барлық шығындарды өз мойнына алған, сондай-ақ компания көз жұмған қызметкерлердің отбасыларына барлық қажетті қолдауды көрсететінін хабарлаған.

Еске салайық, 20 шілдеде № 1 зауыт пешінде кенеттен жалын шығып, салдарынан кәсіпорынның 8 қызметкері зардап шеккен еді.