25 шілдеде Алматы-Екатеринбург тасжолында жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 10 адам түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Оқиға сағат 15:00 шамасында Шопа ауылының маңында болған. «Toyota Prado», «Hyundai Sonata», «Toyota Avesis» маркалы үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан екі адам қаза тауып, 10 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», деді Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының взвод командирі Арман Камилмұратов.
Полицей бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалғанын атап өтті.