Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымы кезеңіндегі су айдындары мен қауіпсіздік мәселелері бойынша есеп берді, деп жазады Egemen.kz.
Қазіргі уақытта республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 708 орын және 400-ге жуық құтқару бекеті жұмыс істеп тұр.
Министрліктің мәліметінше, 32 мыңнан астам бала жүзу дағдыларын меңгеріп, 4 мыңға жуық қоғамдық құтқарушы даярланған. Шомылу маусымының ортасына дейін 29 мыңға жуық рейд пен су айдындарын патрульдеу жұмыстары жүргізілген.
Ал судағы қауіпсіздік ережелерін бұзған 11,5 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.