Таразда ер адам жанжал кезінде әйелін өлтіріп, үйді өртеп жіберген. Кейінірек ер адам өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, 54 жастағы ер адам жақында түрмеден шыққан.
«Әйелімен жанжал кезінде үйді өртеп жіберген. Әйел алған күйіктерінен ауруханада қайтыс болды. Күдікті оқиға орнына жақын жерде өлі күйінде табылды», деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, сарапшылар күдіктіні өз-өзіне қол жұмсады деп болжаған. Осы факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалады.