• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Руханият Кеше

Елордада мектеп жәрмеңкелері қайда және қашан өтеді

22 рет
көрсетілді

1-31 тамыз аралығында елордада мектеп жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мектеп жәрмеңкесі 1-31 тамыз аралығында өтеді. Мұнда кеңсе тауарлары мен мектеп формасын қолайлы бағамен сатып алуға болады, онда дүкендердегі бағадан төмен болады. Жәрмеңке бүкіл қалада жұмыс істейді.

Жәрмеңкелер келесі орындарда өтеді:

- «Аймақтау» СҮ 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

- «Тұлпар» СҮ 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін.

- «Magnum» супермаркеті (Тұран даңғылы, 55Д) 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін тәулік бойы жұмыс істейді.

- «Анвар» супермаркеті (Тұран даңғылы, 45) 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін.

- «Тұмар» СҮ (Сығанақ көшесі, 1Б) 1 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін.

- «Сарыарқа» СОО (Тұран даңғылы, 24) 15 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін.

- «Рахмет» СО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

- «Джафар» СО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

- «Көктал» СОО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

- «Әсем» СОО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

- «Astana Mall» СОО 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

- «Аружан» СОО 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Астанада жетім балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы басталады.