• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Жануарлар 01 Тамыз, 2024

Қарағанды облысында жасөспірім Қызыл кітапқа енген құсты сатып жібермек болған

96 рет
көрсетілді

Қарағанды ​​облысының кәмелетке толмаған тұрғыны интернет арқылы Қызыл кітапқа енген дала бүркітін сатпақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде Қарағанды облысы Осакаров аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері Қызыл кітапқа енген дала бүркітін 400 мың теңгеге сату туралы хабарландыруды байқаған. Полицейлер хабарландырудың авторы 17 жастағы тұрғын екенін анықтаған. Жасөспірім құсты даладан тауып алғанын, оның Қызыл кітапқа енгенін білмейтінін алға тартқан.  

«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі төнген түрлеріне заңсыз қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мән-жайлар анықталғанға дейін дала бүркіті Қарағанды қаласының хайуанаттар бағына уақытша сақтауға берілді», делінген хабарламада.