Бүгін түнде Ақтау қаласында монша кешенінің екінші қабатында бу бөлмесі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ТЖМ мәліметінше, өрт 42 шаршы метр алаңды шарпыған. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Ведомство кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрады.