• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Тамыз, 2024

Әлеуметтік нысанның құрылыс жайы

52 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков Жамбыл облысындағы әлеуметтік нысан­дардың құрылы­сымен танысты.

Сенатор алдымен Тұрар Рысқұлов ауданында болды. Қайыңды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктінің, Ақыртөбе ауылындағы мәдениет үйінің, Малдыбай ауылындағы мектептің, сондай-ақ Жаңатұрмыс ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мәдениет үйінің құрылысымен танысты.

Б.Орынбеков жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтаудың маңыздылығын атап өтті. Ол жаңа меди­циналық, білім беру, мәдени және спорттық нысандар жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасы мен қызметтердің қолжетімділігін жақсартуда шешуші рөл атқаратынына тоқталды. Бұл жобалар халықтың денсаулығын нығайту, білім деңгейін арттыру және мәдени дамуды қолдау арқылы аймақтың жан-жақты дамуына зор ықпал етеді.

«Сенат депутаттары ел өмірінде шешуші рөл атқаратын маңызды заңдарды қабылдап келеді, сондай-ақ бұрын қабылданған заңнамалық актілерге түзе­тулер енгізеді. Заңдар мен өзге де құқықтық актілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында олардың қажетті стандарттарға сәйкестігіне көз жеткізу үшін құрылыс жұмысының барысын зерделейміз. Құ­рылыстың сапалы жүргізілуі және жауапты тұлғалардың осы жобалардың орындалуына бақылауды күшейтуі аса маңызды. Ауыл тұрғын­дарының ұсыныстары мен пікірлерін мұқият ескеріп, оларға берілген уәделерді сақтау керек», деді Б.Орынбеков.

Депутат Меркі ауданында болып, Ақтоған ауы­лындағы Тілеміс батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектептің, Мыңқазан ауылындағы №30 мек­тептің, Ойтал ауылдық округіндегі №48 мектептің құрылысымен танысты. Ол сондай-ақ Рысқұлов ауылында дәрігерлік амбулатория құрылысын да көрді.